• БАЗА ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

Мазмұндама "Асқақ үнді, алып ақын"

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Класы: 9 «Ә»

Пәні: Қазақ әдебиеті                                               

Сабақтың тақырыбы:Мазмұндама «Асқақ үнді, алып ақын»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XX ғасырдың аса әйгілі жыршысы, асқақ үнді алып ақын Жамбыл туралы ақпараттар беру,ақын өмірімен таныстыру.

Тәрбиелік: Жамбыл өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, түсіну,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктері:Оқулық, ақынның сөзіне жазылған цитата:

               Балалар, аманбысың, шырақтарым,

               Майысып көлге біткен құрақтарым

                          Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, кезекші мәліметімен танысу,сынып тазалығына мән беру, оқушы назарын сабаққа аудару.

Бүгінгі сабақ: Мазмұндама. «Асқақ үнді, алып ақын ».

Мазмұндау жоспары:

1.Жамбыл – XX ғасырдың әйгілі жыршысы, асқақ үнді алып ақын.

2. Жамбыл өмірі қырғыз халқымен тығыз байланысты.

3. Жамбылдың жыршылдық өнерінің екі дәуірі.

4. Жамбыл – импровизатор.

   Мен Жамбыл жайында жар сала ой толғағым келеді. Жиырмасыншы ғасырдың аса әйгілі ақыны шын мәнінде аты аңызға айналған замана жыршысының өткір де, асқақ үні-бір ғана қазақ халқы емес, осы күнгі түркі тұқымдас барлық халықтар поэзиясының арсеналындағы ең озық игілік болып отыр. Мен бұл пікірді бар сеніміммен айтамын. Өйткені Жамбылдың өмірі мен ақындық шығармашылығы көрші әрі оған әрдайым етене жақынқырғыз халқымен өте тығыз байланысты қалыптасқан-ды.

   Әрбір халықтың шежіресінде тұтас дәуірді қамтитын есімдер болды. Ұлы Жамбыл өзінің жыршылық өнерімен екі дәуірді басынан өткерді. Ол өз халқының ежелгі ауыз-екі жыраулық өнерінің арқауын ыдыратпай осы жаңа заманға жеткізді. Жеткізгенде жаңарып, жаңғыртып бұрынғыдан да зор әуен-сазбен байытты. Осындай жаңа дәуірде, профессионалды жазба әдебиеті қауырт өркендеген кезде, ертедегі ауызекі жыраулық дәстүрде жырлайтын ақынның шығуы мүмкін емес-ті. әр нәрсенің өз уақыты бар. әрбір халықтың өзі тудырған қазынасы өшпек емес. Халық Жамбыл сияқты ақын-жыршылардың, көркем сөз зергерінің мұрасын мұқият сақтайды, оны ілгері дамытады және моральдық-эстетикалық дәстүрлердің қорына айналдырады.

Халықтың күші,міне,осында. Сондықтан да сол Жамбыл сынды дарынды таланттарды дүниеге келтірді. Жамбыл жалғыз емес. Оның соңынан ерген ақын,жыршы, тетелес замандастары бар.

   Жамбылды солардың арасынан бөліп, ерекше алатын себебіміз – оның жыраулық дарынының шын мәнінде ұлы болғанында, ең бастысы Жамбыл

арқылы халық поэзиясы жаңа өмір, кеңестік құрылыс туралы, Отан, достық,бірлік жөнінде өзінің жарқын да, шынайы сөзін айтты. Халықтар достығы, кеңестік патриотизм, интернационализм тақырыбын биік шыңға көтере жырлады. Ауызекі поэзиясының көне дәстүріне сүйене отырып, Жамбыл және оның қазақ-қырғыз замандастары шын мәнінде жаңару құбылысын, яғни кеңес кезінің ақындық дәстүрін туғызды. Егер осыған ой сала қарасақ, мұндай құбылысты тарихи маңызы бар жайттар дер едім.

   Жамбыл – мейлінше күрделі құбылыс. Көпшіліктің көз алдында отырып, өлең-жырды табан астында суырып салып төгіп айту (импровизаторлық) – жұрттың айтқанындай ең жоғары мәртебелі өнер. Тек күшті және өзіне мықты сенген, айтар ойын өлеңмен жатқа төгетін, ақындық шабыты шалқыған, майталман өнерпаз ғана солай жырлайды.

     Жамбыл – құдіретті,қуатты,асқақ үнді алып ақын.

Бүгінгі сабақты бекіту: Сонымен,оқушылар, Жамбыл қандай ақын?

Бағалау:   

Материалы, представленные на страницах сайта, созданы авторами сайта, размещены пользователями или взяты из открытых источников и представлены для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам.  Использование материалов сайта возможно только с разрешения администрации сайта. При копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна. 

Ответственность за разрешение любых спорных вопросов, касающихся размещенных материалов и их содержания, берут на себя пользователи, опубликовавшие материал на сайте. Если Вы обнаружили публикацию, размещенную с нарушением авторского права, сообщите о ней администрации сайта используя форму обратной связи.  Администрация портала готова оказать поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. 



Please publish modules in offcanvas position.